Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде «ҚазАқпарат» агенттігінің оқырмандары айтарлықтай арта түседі - Дархан Мыңбай

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат -  Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің журналистерінен және рекдакторларынан құралған өзіндік Интернет-редакциялар пайда болады.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде «ҚазАқпарат» агенттігінің оқырмандары айтарлықтай арта түседі - Дархан Мыңбай

Сонымен қатар жыл соңына дейін 200-ге тарта өңірлік басылымдар Интернетте электрондық нұсқаларын ашады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.

 «Минстрлік Интернетте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды күшейту бойынша жұмысты бастады. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлар мен журналистердің бөлек штатымен қамтамасыз етілген толыққанды Интернет-редакциялар құру мәселесі қаралып жатыр. Бүгінде «Хабар» және «Қазақстан» телеарналары күн сайын желіге өздерінің жаңылықтарын, фильмдерін, тележурналдарын, бейне баяндарын және бағдарламаларын салып тұрады. Министрлік 2011 жылға қарағанда Интернеттегі жобаларды мақсатты қаржыландыруды 50 пайызға арттырды. Биылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігін жаңғырту бойынша жұмыстар басталды. Интернеттің замануи мүмкіндіктерін ескере отырып, агенттік желісінің оқырмандарын тәулігіне 500 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа мультимедиялық сервистер іске қосылады. «ҚазАқпарат» 6 тілде жұмыс істейтін болады»,- деді ведомство басшысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде

Сонымен қатар Д. Мыңбай жергілікті жерлердегі әкімдіктермен бірлесе өңірлік газеттердің Интернет нұсқасын іске қосу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті. Биылдың өзінде 200 басылым ғаламторда таралады деп күтілуде.