Жаңғыртудан кейін «Алматы» телеарнасының аудиториясы 26% ұлғайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы» телеарнасы ребрендингтен кейінгі бір жарым жыл ішінде толық техникалық жаңғыртудан өтті, деп хабарлады телеарнаның даму бойынша бұрынғы директоры Жандос Құрманбаев.

Жаңғыртудан кейін «Алматы» телеарнасының аудиториясы 26% ұлғайған

 «2016 жылы Алматы бойынша аудиторияның қамтылуы 26% артқан. Техникалық ену көлемі кеңейтілді: 14 облыс орталығына және Алматы мен Астанаға цифрлық жерүсті хабар таратуды бастады (бізге дейін спутниктік хабар тарату ғана болған), елдегі барлық кабелдік желілерге - Қазақстанның 35 қаласындағы 65 операторға енді онлайн хабар тарату іске қосылды», - деп жазды Құрманбаев өзінің Facebоок парақшасына.

Оның айтуынша, телеарна оң қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді. Телеарнаның өз табысы 26% ұлғайған.

«Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстан түскен қаражаттан бөлек, жаңа команда жарнама берушілерден 264 миллион теңге түсірген. Өткен жылы жарнама нарығының 30% қысқарғанын ескерсек, мұны үлкен жетістік деп бағалауға болады», - деп атап өтті ол.

Телеарна алдыңғы қатарлы түсірілім және хабар тарату құралдарымен жабдықталған, жалпы аумағы 625 шаршы шақырым болатын жаңа үш аймақты студиялық павильон құрылысын аяқтады.

 «Соңғы шыққан жүйелік камералар, жүзден астам жарық құрылғылары, эфирлік аппарат, аппараттық-студиялық кешен, монтаж стансалары. Студиялық декорациялар дизайнын жобалауды аяқтадық. Бұл өте жаңа және қазақстандық көрермендерге бейтаныс болмақ (бір бағдарлама жүріп жатқанда көрермен көрші студиядағы қозғалыстарды көріп отырады). Жақын күндері студия пайдалануға беріледі», - деп Құрманбаев телеарна жетістіктері туралы айтып берді.

Одан бөлек, телеарнаның барлық өндірістік процессі автоматтандырылған және HD-қалыпқа ауыстырылған.