Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірді - АҚШ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) өзінің кәсіби рингтегі жетінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол кеше Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жекпе-жекке шықты.

Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді және де екінші, бесінші раундта қарсыласын ногдаунға түсірді.

Енді Жәнібектің есебінде жеті жеңіс бар, ал МакЛеллан өзінің кәсіби бокста төртінші рет сүрініп отыр.



Соңғы жаңалықтар
telegram