Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген Жәнібек Әлімханұлы бүгін АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында айтты. 

"Салмақтан сәтті өтті. Ертең жекпе-жек", - дейді ол.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлының Америкадағы алғашқы жекпе-жегі  Окландтағы бокс кешінде өтеді. Сегіз раундтық жекпе-жекте қазақстандық боксшы 27 жастағы колумбиялық Карлос Галванге қарсы (16-7-1, 15 КО) жұдырықтасады. 

25 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте екі рет шығып, екеуінде де жеңіске жеткен.

null