17:31, 26 Наурыз 2022 | GMT +5
Жәнібек Әлімханұлы спорттық карьерасы жөнінде мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кәсіби карьерасының даму жолына көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз төрт жылдан бері Америкадамыз. 11 жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионының міндетті қарсыласы болдық. Аллаға шүкір! Әлем чемпионы белбеуін елге әкелеміз! Бұл күнге санаулы айлар қалды! Жоспар көп, мақсат айқын! Бірлік бар жерде тірлік бар!», – деп жазды Жәнібек Instagram парақшасында.
Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде британдық Дэнни Дигнуммен орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін айқасады.
Олардың жекпе-жегі 28 наурызға жоспарланған промоутерлік аукционға шығарылды.