Жәнібек Әлімханұлы титулдық айқасына дайындығы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмиақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4КО) алдағы жекпе-жегіне дайындыққа қатысты мәліметтермен блісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәнібек Әлімханұлы титулдық айқасына дайындығы туралы айтты

⠀

Айта кетейік, Ж.Әлімханұлы танымал тәлімгер Джеймс «Бадди» Макгирттің жетекшілігімен Калифорнияда жаттығады.

«Екі аптада 26 раунд спарринг жасадық. Бұйыртса 64 раунд спарринг қалды. Жекпе-жекке дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Чемпиондық титулға жақындап қалдық. Бізге босаңсуға уақыт жоқ. Барымызды салып жатырмыз. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. QAZAQ STYLE», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

Жәнібек соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында АҚШ-тық Калиформния штаты Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық боксшы Альберт Онолуності (24-3-1, 8КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі биылғы қазан айында өтуі тиіс.