Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда өтіп жатқан бокстан Қазақстан біріншілігінде 81 келі салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімханұлы Абзал Қуатбековпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды ҚазСпорт телеарнасы.

Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қарашаның 27-не дейін жалғасатын ел біріншілігіне еліміздің барлық облыстарынан келген былғары қолғап шеберлері 10 салмақ категориясы бойынша үздіктерді анықтайды. Жарыстың іріктеу кезеңі 20-24 қараша аралығында өтсе, 26-27 қараша күндері жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер өтеді.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы орташа салмақ 75 келіде рингке шығып келді.