Жәнібек Әлімханұлының боксшылар рейтингіндегі орны жоғарлады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Badlefthook.com сайты боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды. Тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

GGG-дің жеңісі Муратаны төртінші орыннан тоғызыншы орынға ығыстырды.

Есесіне Әлімханұлы жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Бұл тізімде Головкин көш бастаса, екінші және үшінші орынды Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде бөлісті. Айта кетейік, Жәнібек The Ring беделді басылымының рейтингісінде де жоғарылаған болатын. Badlefthook.com нұсқасы бойынша үздік ондықтың тізімі:

1. Геннадий Головкин

2. Джермалл Чарло

3. Деметриус Андраде

4. кіші Крис Юбэнк

5. Хайме Мунгия

6. Жәнібек Әлімханұлы

7. Карлос Адамес

8. Сергей Деревянченко

9. Риота Мурата

10. Феликс Кэш


Соңғы жаңалықтар