Жәния Әубәкірова Мәскеу консерваториясының сахнасында өнер көрсетті

МӘСКЕУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының Кіші залының сахнасында өнер көрсетті.

Жәния Әубәкірова Мәскеу консерваториясының сахнасында өнер көрсетті

«Сергей Рахманинов. Туғанына 140 жыл құрметіне» атты концертте Мариин театрының симфониялық оркестрінің музыканттары: халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Кирилл Терентьев және РФ еңбек сіңірген әртісі, виолончелист Олег Сендецкий өнер көрсетті. Рояльда - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова.

С.Рахманиннің камералық-аспапты туындылары: виолончель мен фортепианоға арналған сонато және №2 элегиялық трио орындалды.