Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкентте өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.
Еске салайық, бұған дейін көркем гимнастикадан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны жайлы жазғанбыз.