Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгриядағы турнирдің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Венгрияның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті. 

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгриядағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

U15 жас санатында қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды.

Жәния жарыс барысында Венгрия, Молдова, Польша және Румыния спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда шешуші кезеңге жолдама беретін кездесуде Қатар өкіліне есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады. 

Айта кетелік Астана гимнастары Қазақстан чемпионаты мен кубогында 23 медаль жеңіп алған еді.