Жанқош Тұраров келесі айқасын қашан өткізетіні анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің датасы белгілі болды. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанқош Тұраров келесі айқасын қашан өткізетіні анықталды


BoxRec.com мәліметінше, Ж.Тұраров рингке 19 наурызда оралады. Бокс кеші Мәскеу қаласында өтеді. Оның қарсыласының есімі әлі аталған жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасын 2021 жылдың желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кешінде өткізген еді. Ол 47 секунд ішінде мысырлық Абдумонем Саидті (22-2-1, 11 КО) нокаутқа түсірді.

Оның алдында боксшымыз 2019 жылдан бері кездесу өткізбеген.