Жанқош Тұраров WBA рейтингінде бір саты көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп жазды Sports.kz.

Жанқош Тұраров WBA рейтингінде бір саты көтерілді

Қазақстандықтар енген тізімде Жанқош Тұраровтың орны өзгерді. Ол жартылай орта салмақ санатында 10-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді. Қанат Ислам бірінші орта салмақ бойынша төртінші орында қалды, ал Иса Ақбербаев WBA ауыр салмақ дивизионының үздік он бестігін түйіндеп тұр.

Сондай-ақ, Иса Ақбербаев сәуір айының WBC рейтингіндегі бірінші ауыр салмақ боксшылары арасында бір саты көтеріліп, 37-орынға тұрақтады.