Жанқош Тұраровтың әлемдік рейтингідегі орны соңғы жеңісінен соң айтарлықтай жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) Boxrec.com сайтындағы орны титулдық жекпе-жектегі жеңісінен соң айтарлықтай өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанқош Тұраровтың әлемдік рейтингідегі орны соңғы жеңісінен соң айтарлықтай жоғарылады

Жанқош Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, басты кездесудің жетінші раундында внесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) нокаутқа жіберіп, бірінші жартылай салмақта IBO Inter-Continental чемпионы белдігін жеңіп алды.

BoxRec рейтингісінде Жанқош өз дивизионы бойынша 242-ші орында тұрған болатын. Мерзімінен бұрын қол жеткізген сенімді жеңісінен ол 45-ші орынға тұрақтады.

Осыған дейін Жанқош Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша бірінші жартылай салмақта чемпион болатын.


Фото: sports.kz