Жанкүйер ұйықтап жатқан сәтін көрсеткен телеарнадан 10 млн. доллар талап етуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсбол жанкүйері Эндрю Ректор «Нью-Йорк Янкиз» бен «Бостон Ред Сокс» командалары арасындағы ойында өзінің ұйықтап жатқан сәтін көрсеткен американдық телеарнаны сотқа берді.
Ол спорттық шолушылардың өзін «топас» және «семіз» деп атағаны үшін телеарна жауап беруі тиіс деп есептейді.
«Мен бар болғаны сәл қалғып кетіппін, сол кезде камераға түсіріп алыпты. Ал шолушылар Дэн Шульман мен Джон Крук мені сөзбен түйреді, олар келесі күні МLB сайтында қайталанды», - деді Ректор.