Жанкүйерлер 17 қыркүйекте Головкин - Канело айқасы өтетіндігіне сенеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің экс-чемпионы Шейн Мозли өзінің твиттерінде бокс жанкүйерлерінің Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жкпе-жегі туралы пікірін білмек болып дауыс беруді өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жанкүйерлер 17 қыркүйекте Головкин - Канело айқасы өтетіндігіне сенеді

Сауалнамаға екі мыңнан астам қатысты. Респонденттердің 37 пайызы, GGG - Канело айқасы 17 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтеді деп есептесе, 29 пайызы жекпе-жек болады, бірақ алдағы жылы, деп жауап берген. Оқырмандардың 27 пайызы Канело Головкинге белбеуін айқассыз беретіндігіне сенімді. Ал 11 пайызы оның өтетіндігіне сенбейді.

Қазіргі уақытта Головкин мен Канелоның командалары жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесімен шұғылдануда.