Жанкүйерлер Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter арқылы таңдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter арқылы таңдайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Twitter-де дауыс беру ӘЧ-2010-мен салыстырғанда дауыс берушілердің санын көбейтеді деп күтілуде. Себебі 2010 жылы ОАР жерінде өткен әлем чемпионатында дауыс беру Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) сайтында ғана жүргізілген болатын.
Еске сала кетейік, Бразилиядағы әлем чемпионаты 12 маусым - 13 шілде аралығында өтеді.
Әлем чемпионатының үздік футболшылары:
ӘЧ-1982 - Паоло Росси (Италия); ӘЧ-1986 - Диего Марадона (Аргентина); ӘЧ-1990 - Сальваторе Скиллачи (Италия); ӘЧ-1994 - Ромарио (Бразилия); ӘЧ-1998 - Роналдо (Бразилия); ӘЧ-2002 - Оливер Кан (Германия); ӘЧ-2006 - Зинедин Зидан (Франция); ӘЧ-2010 - Диего Форлан (Уругвай).