Жанкүйерлер Денис Тенді туған күнімен құттықтады - ВИДЕО

Жанкүйерлер сүйікті спортшысына бар жақсылықты тіледі. Сондай-ақ олар жаңа бағдарламаларды тағатсыздана күтетінін еске салды.
«Бүгін 23 жасқа толдым. Ол үшін ата-анама алғысымды айтамын. Жастар мұндайға: «Мынаны қара! 23 жасқа толып қалды!» деп ойласа, аға буын: «Әлі қайда, жас қой! Бүкіл өмірі алда!» деп айтады. Екі пікір де дұрыс. Бірақ мен ұрпақтар арасындағы кеңістікке қарап, барлығымыздың қазіргі шақта емес, «аралық» шақта өмір сүріп жатырмыз деп ойланып қаламын. Өміріміздің барлық үздік сәттері көздің қиығымен ғана байқалып отырады. Басқа жағынан алғанда, өмір әуенге ұқсас. Және бұрын орындалған партияларды қайта ойнату, нақты ноталарды бөліп алудың мәні жоқ. Мәні - туындыны түсіну тереңдігін ұғынуда. Қалай болса да өмір - туынды. Және оның, кез келген жағдайда, тамаша екені сөзсіз», - деп бөлісті Instagram-да өзінің әсерімен Денис Тен.