04:59, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Жанкүйерлер полициямен қақтығысты
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Мадридтің ортасында жүздеген футбол жанкүйерлері өздерінің сүйікті, жергілікті «Атлетико» клубының Еуропа лигасындағы жеңісін тәртіпсіздіктермен атап өтті, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Ішімдікке тойған жастар петардалар ата бастаған. Тәртіп сақшылары жанкүйерлерді тоқтатпақ болған кезде, олар тастар мен бөтелкелер лақтырған. Жастарды сабасына түсіру үшін бірнеше сағат уақыт кеткен. Полиция қол шоқпарлар мен су атқыштарды пайдалануға мәжбүр болды. Ал, беделді еуропалық біріншіліктің ақтық ойыны Бухаресте өтті. Финалда «Атлетико» клубы өзінің жерлесі, испаниялық «Атлетик» клубымен сайысқа түсіп, 3:0 есебімен жеңген.