Жанна Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жанна Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды

Ол марафонда сынға түсіп, Австриядағы жарыс жеңімпазы атанды. Жаннаның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд. Екінші орынды чехиялық Терезе Хрочова еншіледі, үшінші сатыда швециялық Ханна Линдхольм.