Жанна Пралиева Нұр-Сұлтанды «қызыл» аймаққа енгізген басты факторды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елорданың неліктен «қызыл» аймаққа енгізілгенін айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айында және қазан айының бірінші онкүндігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланды. Бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті санның (R) бірліктен асып кетуі байқалды. R санының қазан айында 11 күн бойы және қараша айында 6 күн бойы төмендеді. Қалған уақытта R саны 1-ден асты, сондықтан қала «сары аймақта» болды», - деді Жанна Пралиева қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша қазан айымен салыстырғанда өздігімен медициналық қызметке қаралып анықталғандар (аптасына 18-ден 213 жағдайға дейін) және үй ошақтарында қатынаста болып ауырғандар (аптасына 15-тен 217 жағдайға дейін) саны көбейген. Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 51,0-ден асқан.

«10 желтоқсаннан бастап қала «қызыл аймаққа» ауысты. Бұл бірінші кезекте қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамауына байланысты болып отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар