Жәннаттағы хор қыздары: ҚМДБ Смановтың өз қателігін кезінде мойындағанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абдулаxад Сманов бұл уағызды студент кезінде, нақтырақ айтқанда 2017 жылдың 22 маусымында айтқан. Бір жылдан соң қателігін мойындап, қоғамда түсінбеушілік тудырғаны үшін жамағаттан, жалпы тыңдаушылардан кешірім сұрады. ҚМДБ Ақпарат бөлімінің хабарламасы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сманов Абдулаxад Əбдісаттарұлының әлеуметтік желідегі «Жәннаттағы хор қыздары» туралы уағызына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдейді:

Абдулаxад Əбдісаттарұлы бұл уағызды студент кезінде, нақтырақ айтқанда 2017 жылдың 22 маусымында айтқан. 2018 жылы шілде айында қателігін мойындап, негізі жоқ «хадисті» айтып, қоғамда түсінбеушілік тудырғаны үшін жамағаттан, жалпы тыңдаушылардан кешірім сұрады.

Бүгінде А. Сманов ҚМДБ жанындағы «Талаба» студенттер қауымдастығының Сауд Арабия Корольдігі бойынша өкілі. Оны тағайындаудағы мақсат – шетелде діни білім алып жатқан студенттерді деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, жастар арасында ҚМДБ мен мемлекет ұстанымдары туралы тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Діни басқарма өкілі осы бағытта жұмыс істейді. Абдулахад Смановтың діни сенімі ҚМДБ ұстанымына қайшы келмейтінін мәлімдейміз, - делінген ақпараттық хабарламада.


Фото: sunna.kz




Соңғы жаңалықтар
telegram