Жансақтау бөлімінде жатқан екі науқастың беті бері қарап, палатаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда COVID-19 бар екі науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жансақтау бөлімінде жатқан екі науқастың беті бері қарап, палатаға ауыстырылды

Қарағанды облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адамның жағдайы оңалып, жай палатаға ауыстырылған.

Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді.

Қазақстан Республикасында барлығы 10 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.

Алматы қаласында - 2 адам,

Қарағанды облысында - 3 адам,

Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам,

Шымкент қаласында – 1 адам,

Ақтөбе облысында - 1 адам,

Түркістан облысында - 1 адам.