Жансақтау бөліміндегі жүктеме 73%-дан 54% дейін түсті – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда КВИ қарқыны тұрақталып, дәрігерлер үйреншікті жұмыс режиміне көшіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жансақтау бөліміндегі жүктеме 73%-дан 54% дейін түсті – министрлік

«Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік берді, провизорлық және инфекциялық стационарлар жүктемесі айтарлықтай азайды. Осылайша, провизорлық төсек-орынның қамтылуы 40%-ға (89%-дан 49%-ға дейін), реанимациялық төсек-орынның қамтылуы – 19%-ға (73%-дан 54%-ға дейін) төмендеді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі Telegram парақшасында.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 және пневмониясы бар науқастарды емдеуге қажетті стационарлық төсек-орын әзірленіп, жалпы төсек қоры 30,4 мыңнан 52,1 мың төсек-орынға дейін яғни 21,7 мыңға өсті.

«Бұл көрсеткіштер ауру қарқынының тұрақталғанын көрсетеді. Дәрігерлер біртіндеп үйреншікті жұмыс режиміне көшіп жатыр, шаралар жүйелі түрде жүзеге асырыла бастады», – дейді министрлік.