Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты. 20 жасқа дейінгі қыздар арасынан вице-чемпион атанған жерлесіміз 7,5 ұпай жинап, әлемді тағы да мойындатты.
Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге қатысушылардың арасында алты халықаралық дәрежедегі және бес ФИДЕ шебері бар.
Жерлесіміз мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ін қоржынына салып, әйелдер арасындағы гроссмейстер атануға мүмкіндік алды, деп хабарлады 24.kz.