Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында ФИДЕ рейтингісінің үздік жүздігіне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік алғаш рет әйелдер арасында ФИДЕ рейтингісінің үздік жүздігіне енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әбдімәлік еншісінде 2366 пункт бар. Жүздікке енген 14 жастағы Жансая өзінің жерлесі Динара Сәдуақасованы 15 пунктке озып, Қазақстан бойынша бірінші орынға шықты. 2014 жылдың соңына қарай спортшы әлемдік рейтингтің Топ-20 шахматшыларының қатарына кіруді жоспарлауда. ФИДЕ-нің қазіргі рейтингісінде венгриялық Юдит Полгар көш бастап келеді.