Жансая Әбдімәлік балалар шахматынан ересектер шахматына ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 жасар қазақстандық шахматшы Жансай Әбдімәлік балалар жарысынан ересектер жарысына ауысу еш қиындық тудырмағанын айты, деп хабарлады Vesti.kz.
«Ересектер шахматына ауысу айтқандай қиын болмады. Бала кезімнен бастап ерлер жарысына қатыстым, ересектерге қарсы ойнауға үйреніп кеттім, бәрі де ойдағыдай өтті. Алайда қарсылық деңгейі жоғары екені сезіледі. Балалармен ойнағанда, жеңілірек. Ал ересектермен ойнағанда ойлануға тура келеді, көптеген партиялар теңбе-тең аяқталып жатады», - деді Ж.Әбдімәлік.
Сондай-ақ спортшы өзі қола медальді иеленген Ирандағы Азияның командалық чемпионатының қорытындысына тоқталды.
«Команда жақсы ойнады, өз ойыныма келсем, тұрақтылық болмады. Көп қате жіберіп алдым. Сондықтан бул турнир мен үшін сәтті өтті деп айта алмаймын. Алайда Ираннан мен үшін жақсы естеліктер бар. 2008 жылы алтын алғанмын», - деді ол.
Жансая Әбдімәлік шахматтан жастар арасында бірнеше дүркін әлем чемпионы екеніне тоқтала кетейік. Әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы да бар. 2014 жылдан бастап спортшы ересектер шахматына ауысты, жуырда 20 жасқа дейінгілер арасында Азияның үздік шахматшысы наградасын алды.