Жансая Әбдімәлік FIDE Online Steinitz Memorial жарысында 2-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. КАЗИНФОРМ – Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан әлемнің бірінші чемпионы атанған Вильгельм Стейницті еске алуға арналған блиц-шахматтан FIDE Online Steinitz Memorial 2020 онлайн-жарысының екінші ойын күніндегі партияларын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жансая Әбдімәлік FIDE Online Steinitz Memorial жарысында 2-орынға көтерілді

Жансая өткізілген алты партияның ішінде қытайлық Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, Болгария спортшысы Антоанета Стефанова, ресейлік Александра Костенюк және франциялық Мари Себагты жеңіп, бес рет үздік атанды.

8-ші жарыста 20 жастағы қазақстандық шахматшы екінші күннің қорытындылары бойынша жарыстың әйелдер арасындағы тізімінде 8 ұпаймен алда тұрған Ресей спортшысы Екатерина Лагнодан ұтылды.

Ұпай саны 7,5 болған Жансая Әбдімәлік Костенюк және Тань Чжонъимен бірге екінші орында тұр.