Жансая Әбдімәлік «Қайрат» академиясында шахмат турнирін ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыздар арасындағы 4 мәрте әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы вице-чемпион, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік «Қайрат» ФК жасөспірімдер академиясының тәрбиеленушілері арасындағы шахматтан турнирді ашты, деп хабарлайды sports.kz.
Т.Сегізбаев академиясының тұрғынжай корпусында өткен шара «Қайрат» ФК балалар мен жасөспірімдер скаутингінің бас менеджері Павел Черепановтың кіріспе сөзімен басталды. Ол КСРО-ның белгілі шахмат майталмандары жайлы әңгімелеп берді. Одан кейін белгілі қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік сөз алып, шахмат ойындарының адамның жеке тұлға ретіндегі де, спорттық да қасиеттерін дамытудағы пайдасын атап өтті. Ашылу шарасы соңында гроссмейстерге «Қайрат» ФК атынан естелік сыйлықтар табысталды, ал клубқа турнир жеңімпазы марапатталатын коллекциялық шахмат жиынтығы берілді.