Жансель Дениз Францияда өткен халықаралық сында қола медаль жеңіп алды
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Франция астанасы Парижде таеквондодан «French ECOpen 2021» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық Жансель Дениз қола медал жеңіп алды.
73 келіде сынға түскен Жансель жартылай финалда германиялық қарсыласынан 16:23 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетелік, G-1 санатындағы турнирге жалпы есебі 450 спортшы қатысты.