Жансейіт Түймебаев #Abai175 эстафетасын жалғастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев #Abai175 эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жансейіт Түймебаев #Abai175 эстафетасын жалғастырды


«Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этно-мәдени бірлестіктерді ары қарай ынталандыру мақсатында ұлы ойшылдың 37 қарасөзін оқып, #Abai175 эстафетасын жалғастырды», - делінген Ассамблеяның хабарламасында.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу жалғастыруда екендігін жеткізді.

«Бүгінгі таңда челленджді қолдап, қазақ тілінде ақын өлеңдерін оқыған этнос өкілдерінің саны жүзден асты», - деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Францияда 770 мың студенттің жеке деректері жария болды
Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің деректері тарап кеткен