Жансейіт Түймебаев облыс тұрғындарымен бірге шаңғы тепті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төлеби ауданында өткен «Тау самалы - Жан самалы» фестивалінде шаңғы тепті. Демалыс аймағына келген аймақ басшысы таудан үш рет шаңғымен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жансейіт Түймебаев облыс тұрғындарымен бірге шаңғы тепті

Фестиваль барысында облыс тұрғындарымен кездескен Ж.Түймебаев  жұртшылықты той-томалақтан бір сәт демалып, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды.


«Кез келген облыс осындай табиғатпен, демалыс аймағымен мақтана алмайды. Ал, облысымыздағы Таусамалы, Қасқасу сияқты демалыс орындары - біздің байлығымыз. Ендеше, осы байлығымызды бағалайық. Менің айтарым, азаматтар, қызметкерлер, бала-шағаларыңызды алып, осы жерге келіңіздер. Демалып, тау шаңғысымен сырғанаңыздар», - деді Жансейіт Түймебаев.

Тілшілерге сұхбат берген облыс әкімі, сондай-ақ Жаңа жылды қайда қарсы алатынын да айтып берді. Оның сөзінше, 31 желтоқсан күні Түркістан қаласының орталық алаңындағы Жаңа жыл кешіне қатысып, қалған уақытты отбасымен өткізуді жоспарлап отыр.