Жансейіт Түймебаев: Жастар - қоғамдағы қозғаушы күш

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгінде жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл обьективті құбылыс. 
None
None

Бұл туралы өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бүгін Шымкент қаласында өткен «Бәсекеге қабілетті - жастар» атты облыстық жұмысшы жастар форумында айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 Жастармен тілдесу барысында әкім тәуелсіздік жылдары он мыңдаған жас әлемнің маңдайалды университеттерінде  «Болашақ» бағдарламасымен білім алғанын, оның ішінде  400-ге жуық оңтүстікқазақстандықтың да бар екенін атап өтті. 

- Ал жаңа буынға тың серпіліс беріп келетін «Серпін» бағдарламасымен 17 мыңға жуық студент Солтүстік аймақтардағы кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Ондағы республикалық гранттың 50 пайызы облыс жастарының еншісінде. Осылайша, өңір жастары Елбасымыздың тікелей бастамасымен жүзеге асырылған жобаға барынша қолдау білдіруде. Олардың ішінен 2016-2017 жылдары техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуын бітірген 346 студенттің 189-ы тұрақты жұмысқа қабылданды»,-деді әкім.
null 

Жыл аяғында барлық саладағы жұмыстарды қорытындылап, сараптама жасау дәстүрге айналғанын айтқан аймақ басшысы жыл соңында облыстағы жұмысшы жастардың басын қосып, еңбекші жастарды қоғамға танытуды жөн көрдік деді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу» деп атап өткен болатын. Олай болса елдігімізді сақтап, ұлттық кодымызды жаңғырту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Сіздерге тек еңбекте ғана емес, Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, өмірдің барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін»,-деген облыс әкімі жұмысшы жастарға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар