Жантүршігерлік апат: Мотоциклшінің басын жұлып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен түні Ресейдегі Стерлитамак қаласында «Фабри» сауда орталығының маңында мотоциклшіні басып кетті. Куәлердің ақпаратына сүйенсек, ол дереу оқиға орнынан ізін суытқан ақ түсті ВАЗ 2109 көлігімен соқтығысқан.

  Жантүршігерлік апат: Мотоциклшінің басын жұлып кетті

Соққының күшті болғаны соншалық, мотоциклшінің басын жұлып кетті, мотоцикл болса оқиға орнынан тоннельге қарай 300 метрге дейін сырғыған.

Полиция апаттың егжей-тегжейін тергеуде. Белсенділер құқық қорғаушыларға көмек көрсетуді жөн санап, әлеуметтік желіде апат куәлерін іздеу жұмыстарын бастады.