«Жануарлар» әлемінің заңдылығымен өмір сүруден шаршағандар Алматыда митинг өткізді

зорлық-зомбылық
Фото: Жаңа Адамдар жастар ұйымынан

Жексенбі күні «Жаңа Адамдар» жастар ұйымы Алматыдағы «Сары-Арқа» кинотеатрының жанындағы саябаққа «жануарлар» әлемінің заңдылығымен өмір сүруден шаршағандардың басын қосты. Митингке елде резонанс тудырған зорлық-зомбылық оқиғаларына қатысы бар немесе өзі сондай жағдайдың құрбаны болған жандар жиналды, деп хабарлайды Кazinform.

Сквер алаңы зорлық-зомбылық оқиғалары туралы жазылған плакаттарға, тақташалар мен арт-нысандарға толып кетті. Олардың арасында әйелін ұрып өлтірген бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев, қызғаныштан әйелін бір тәулік бойы сабаған Төлеген Тамабеков және неке түнінде әйелін сабап өлтірген Серік Жаналиевтің бүкіл елге белгілі болған фактілер бар.

Шараның шарықтау шегі осы оқиғалардың барлығын «құлып астына» символдық түрде орналастыру болды.

Акцияға қатысушылар өз оқиғаларын алаңда тұрған «Жоқ» деген жазуы бар үлкен металл торға «жауып тастады. Бұл әрекеттің мәні – заң бойынша өмір сүруге дайын емес, өздерін жабайы аңдар сияқты ұстайтын адамдардың орны – осы тор екенін меңзеу.

зорлық-зомбылыққа қарсы митинг
Фото: "Жаңа Адамдар" жастар ұйымы

“Бүгін алаңда біз өзімізге, отбасымызға және жақындарымызға қатысты жануарға тән әрекеттерді қабылдамайтынымызды айтқымыз келеді. Кейбір адамдар отбасындағы және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту мәселені шеше алады деп есептейді. Біз себеп пен салдарды шатастырмау керек дейміз. Жазаны күшейту ешқашан қылмысты жойған емес», - дейді Жаңа адамдар көшбасшысы Әсел Бәденова.

зорлық-зомбылыққа қарсы митинг
Фото: Жаңа Адамдар жастар ұйымынан

Зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге танымал спортшылар, блогерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бұрынғы министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың інісі Айтбек Амангелді жұртшылықты зорлық-зомбылық мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды.

Митингіден кейін «Жаңа Адамдар» халықтың «жоқ» сөзін дұрыс қабылдай бастауына бағытталған азаматтық науқандар сериясы туралы хабарлады. Қозғалыс зорлық-зомбылық тақырыбына бей-жай қарамайтындардың барлығын өз кампусына келіп, өз командасын жинап, Қазақстанда тұратын адамдардың ой-өрісін өзгерту үшін өз жобасын бастауға шақырды.

зорлық-зомбылыққа қарсы митинг
Фото: Жаңа Адамдар жастар ұйымынан
зорлық-зомбылыққа қарсы митинг
Фото: Жаңа Адамдар жастар ұйымынан
зорлық-зомбылыққа қарсы митинг
Фото: Жаңа Адамдар жастар ұйымынан

 

Соңғы жаңалықтар