«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы жалғасын тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телеарнасында «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмдер топтамасы жалғасын тапты, деп хабарлады Ұлттық арнаның баспасөз қызметінен.
Енді аталған тележобаны 23 қазаннан бастап, сейсенбі-бейсенбі күндері сағат 14.00-де «Қазақстан» ұлттық арнасынан көре аласыздар.
«Бұл жоба - еліміздің түкпір-түкпірінде халық арасында ерлік көрсетіп, батырлығы, өжеттігімен көзге түскен жандарға арналады. «Жаныңда жүр жақсы адам» көп сериялы деректі фильмдер топтамасы кез келген қиындыққа шыдап, тығырықтан шығу, жақсылыққа жаршы бола білуі жайында сыр шертеді. «Деректі фильмдер топтамасының мақсаты - өмірден алынған оқиғаларды бір тележобаға арқау етіп, отансүйгіштік пен адамгершілікті жаңа қырынан насихаттау. Сюжеттің прототиптері - өмірде бар адамдар», делінген хабарламада.