Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапаров пен Дүйсебай Ресейде таеквондодан өткен турнирде жүлдеге ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан рейтингілік «Russian open G1» турнирі мәресіне жетті. Екінші жарыс күнінде қазақстандықтар екі медаль иеленді деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Жапаров пен Дүйсебай Ресейде таеквондодан өткен турнирде жүлдеге ие болды

87 келіден жоғары салмақта екі спортшымыз сынға түскен болатын. Руслан Жапаров финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанса, Смайыл Дүйсебай осы салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетерлігі, кеше үш қазақстандық спортшы жүлдегер атанған болатын.