Жапон анимесінің әлемдік нарықтағы табысы рекордтық деңгейге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жапониядағы аниме индустриясының нарықтық көлемі 4,45 трлн иенге (шамамен 28 млрд доллар) жетті. Бұған, ең алдымен, шетелдік нарықтардағы сатылымның артуы ықпал еткен, деп жазды Report агенттігі.
Бұл туралы Жапония анимация қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, аниме өнімдерінің шетелдегі сатылым көлемі 2,54 трлн иенді құраған. Осылайша, халықаралық нарық жапон анимация индустриясының негізгі табыс көздерінің біріне айналып отыр.
Соңғы жылдары саланың жалпы нарықтық көлемі айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, бұған дейін 1,8 трлн иен болған көрсеткіш екі еседен астам ұлғайған.
Еске сала кетейік, Жапония халқы бес жылда 3,17 миллион адамға азайған.