Жапон әйелдері бәрінен де ұзақ жасайды
АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Жапониядағы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы әлем бойынша ең ұзақ болып отыр, деп хабарланған Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің баяндамасында.
2009 жылы жапон әйелдерінің өмір ұзақтығы 86,44 жылды құрады, бұл 2008 жылы көрсеткішке қарағанда үштен біріне артық, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Жапон еркектері орташа есеппен 75,59 жыл өмір сүреді, сөйтіп ұзақ жасау бойынша Катар, Гонконг, Исландия мен Швейцарияның «әлсіз жынысты» өкілдеріне дес беріп отыр.
Сарапшылардың ойынша, бұның екінші жағы да бар - саны күннен күнге артып бара жатқан зейнеткерлер жұмыс істеп жүрген жапондықтарға салық жүгі болып отыр.