Жапон ғалымдары ағаш кесуші робот жасап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Гифу университетінің және Marutomi Seiko компаниясының ғалымдары орман ағаштарын кесетін робот жасап шығарды. Оның басты міндетіне ағаш діңгегі бойымен бойлап, бұталарды қырқу жұмыстары жатады, деп хабарлайды IEEE Spectrum.
Жасақтаушылардың мәлімдемесіне қарағанда, робот энергоүнемдегіш шынжыр арамен жабдықталған және ағаш діңгегінің қалыңдығын дәл анықтай алады. Робот ағаш кесуші адамдардың қалың бұталарды шабу жұмысынан арылтады деп жоспарлануда. Себебі бұл жұмыс ең қауіптілердің санатына жатады.
Роботтың салмағы 13 келі тартады. Оның жылдамдығы минутына 25 сантиметрді құрайды. Қазіргі уақытта роботтың жұмысын сынақтан өткізу шаралары өткізіліп болған. Дегенмен құрылғы орман жағдайында қолданылып көрген емес. Робот алғаш рет 2013 жылы IEEE ICMA халықаралық көрмесінде ұсынылды.