17:12, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Жапон ғалымдары диабетті туғызатын ақуызды тапты
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Жапон биологтары адамның ағзасында заттың алмасуын бұзатын және қант диабеті ауруына әкелетін ақуызды анықтады.
Бұл туралы «Иомиури» басылымына сілтеме жасап ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.
Кумамото префектурасындағы университеттің профессоры Юити Оикэ бастаған ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижесінде, етжеңділікке шалдыққан, қант диабетімен немесе атеросклерозбен ауыратын науқастардың қанында Angptl2 ақуызының жоғары жиынтығы байқалатыны анықталған. Ол қан тамырлары клеткаларына әсер етіп, лейкоциттерді тартады және созылмалы қабыну үдерісіне себеп болады.
Тышқандарға жасалған тәжірибелер, олар бұл ақуызсыз, қанша майлы тамақ жесе де, семірмейтінін көрсетіп отыр. Ал қанттың деңгейі, кәдімгі тышқандардағыдан төмен болып шыққан.