Жапон ғалымдары доңыз тұмауының өршуі мүмкін екендігін айтуда

ТОКИО. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Токио университеті жанындағы Медицина ғылымдары институтының профессоры Йосихиро Каваока бастаған бір топ ғалымы A/H1N1 тұмауының вирус штаммын зерттей келе, гемагглютинин (hemagglutinin, hаemagglutinin HA) ақуызы бөлшегінде мутациялық үдерістерді анықтады,

Жапон ғалымдары доңыз тұмауының өршуі мүмкін екендігін айтуда
осы мутациялық процестің салдарынан вирус адамдардың арасында тезірек таралу және ағза клеткаларын белсенді зақымдау мүмкіндігіне ие бола алады, деп хабарлады NHK агенттігі. Гемагглютинин ақуызы вирустың адам ағзасының клеткаларына жабысу қабілетіне жауап береді. Жапондық ғалымдар осынау ақуызда анықталып отырған мутацияның нәтижесінде вирус адам ағзасына тез және оңай жабысады. Егер осынау мутациялық үдерістер вирус адамнан адамға бірнеше рет таралудың барысында әрі қарай дамитын болса, онда тамақ пен өкпенің шырышты қабығының жасушаларын белсендірек зақымдайтын болады, дейді ғалымдар. Оған қоса, мутациялық үдерістердің салдарынан вирус қазіргіден де жылдам тарайтын штамм түріне айналу қаупі де бар. «Егер тұмау адамдар арасында жеңіл тарайтын болса, қысқа қарай бұл тұмаудың эпидемиясы әлдеқайда ауқымды болады деген қауіп бар. Егер вирус ағзадағы клеткаларды жылдам зақымдай бастаса, аурудың ауыр түрлерінің еселену қаупі арта түседі», деп санайды профессор Каваока.«Қысқа дайын болу үшін, вирустың патогендік қабілеттерін егжей-тегжейлі зерттеу қажет», - дейді жапон ғалымы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, әлемнің 74 елінде адамдардың жаңа вирусты жұқтыруының 29 мың 669 оқиғасы тіркеліп отыр, оның 145-і ? кісі өлімімен аяқталған.