Жапон ғалымдары голографиялық бейнекартаны жасап шығарды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Жапон ғалымдары HORN-6 бейнекартасын жасап шығарды. Ол кәдімгі қарапайы компьютердің көмегімен үш өлшемді голографиялық бейнені есептеуге мүмкіндік береді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Бейнекарта FPGA төрт бағдарламалық матрицалардан тұрады, оларда жеті миллионға жуық жартылай өткізгіш логикалық элементтер-вентильдер қамтылған. Әрбір матрицаға жедел жадылы 256 мегабайт қосылған. Бесіншісі - ең аз FPGA PCI интерфейсі арқылы деректерді беруді басқарады.

Лазер сәулесінің көмегімен зерттеушілер мөлшері бір метрлік үш өлшемді бейнені түсіруге қол жеткізді.

Технологияны әзірге жетілген деп айтуға болмайды. HORN-6 бейнекартасының бір кадрын алуға 12,5 секунд талап етіледі. Ғалымдар әрқайсысында осындай төрт бейнекартадан орнатылған, төрт компьютерден тұратын кластерді қолданып көрді. Мұндай жүйе секундына бір кадр жиілікпен бейнелерді алмастыруға мүкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар