Жапон министрлер кабинетінің бас хатшысы жанжалға байланысты отставкаға кетті

жапония
Фото: 首相官邸ホームページ

Жапон министрлер кабинетінің бас хатшысы және үкіметтегі «екінші адам» Хирокадзу Мацуно билеуші Либерал-демократиялық партиядағы (ЛДП) саяси қайырымдылық кезінде қаржылық есеп беруде кеткен кемшіліктерден туындаған жанжалдан соң отставкаға кетті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында өзі мәлімдеді. Kazinform агенттігі бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мен премьер-министр Кисидаға саясатты іске асыруда іркіліс тудырмас үшін министрлер кабинетінің бас хатшысы қызметінен кеткім келетінін хабарлап, отставкаға өтініш бердім», - деді ол.

Жанжал ЛДП-ның бірнеше фракциясына, негізінен бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэнің ең үлкен ішкі партиялық тобына қатысты туындады және үкімет рейтингінің шамамен 23% дейін төмендеуіне әкеліп, «қауіпті деңгейге» түсті.

Бұған дейін Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Ясутоси Нисимура, ауылшаруашылық ведомствосының басшысы Итиро Миясита, сондай-ақ әкімшілік мәселелер жөніндегі министрі Дзюндзи Судзуки де отставкаға кетуге өтініш берген.

Бұдан басқа, Мацуноның айтуынша, министрдің бес орынбасары, парламенттік вице-министр және қорғаныс министрінің кеңесшісі отставкаға кеткен.

Оның бәрі – Абэ фракциясының мүшелері.

Сонымен қатар, осы фракцияның тағы бір белді мүшесі, ЛДП Саяси кеңесінің басшысы Коити Хагиуда қызметінен кетуді жоспарлап отыр.

Парламенттің жоғарғы палатасындағы ЛДП фракциясының жетекшісі Хиросигэ Секо мен партияның парламентпен өзара іс-қимыл жөніндегі комитет басшысы Цуёси Такаги де қызметінен айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар