Жапон премьер-министрі тез арада АҚШ-қа барып, тарифтерді талқылауды көздеп отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Жапония премьер-министрі Сигэру Иcиба президент Дональд Трампқа Токионың тарифтерге қатысты ұстанымын жеткізу үшін жақын арада Америка Құрама Штаттарына баруға дайын. Бұл туралы Жапония үкіметінің басшысы парламенттің бюджет комиссиясында депутаттардың сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп жазады Report.

– Біз Америкамен үнемі әртүрлі деңгейде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қажет болса, мен АҚШ президенті Дональд Трамппен жеке келіссөздер жүргіземін, бірақ бұл мәселе бойынша әлі ештеңе шешілген жоқ, – деп атап өтті ол.
Исиба АҚШ-қа «тезірек» баруға дайын екенін айтты.
Иcиба сондай-ақ Жапонияның артық салықтан босатылмағанына тағы да өкініш білдірді және ел билігі Америка тарапын көндіруді жалғастырады деп уәде берді. Премьер-министр Жапония Америка Құрама Штаттарымен саудада «алалық жасамайды» және бұл ұстаным Америка Құрама Штаттарына анық жеткізілуі керек деп қосты.
Бұған дейін Жапония АҚШ-тан болат пен алюминий тарифтерінен босатуды сұраған болатын.