Жапон теңізінде Ресейдің балықшы кемесі жоғалып кетті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Ресей Қорғаныс министрлігінің тікұшағы  бейсенбі күні таңертең Приморьеде апат белгісін берген «Восток» балықшылар кемесін іздеуге шықты. 

Жапон теңізінде Ресейдің балықшы кемесі жоғалып кетті

Бастапқы деректер бойынша, траулер бортында 21 адам бар, деп хабарлайды ТАСС Ресейдің Пиморье өлкесі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтем жасап.

«Сағат 10:40 та іздестіру аудандарына Хабаровск авиациялық-құтқару орталығының Ми-8  және Ресей Қорғаныс министрлігінің Ми-8 МТВ тікұшақтары ұшып шықты. Маңайдағы кемелердің барлығына жоғалғандар туралы ақпарат таратылды»,-делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, Жапон теңізінде жел қатты. Бастапқы мәліметтерге сәйкес, кеме бортында 21 адам бар.