Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапондарда ауа райын «болжайтын» қолшатыр бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күнделікті үйден шықпас бұрын көбімізді «бүгін жауын жауар ма екен» деген сұрақ мазалайды. Ал Жапониядағы компаниялардың бірі күн райын болжап беретін «ақылды» қолшатыр ойлап тауыпты.

Жапондарда ауа райын «болжайтын» қолшатыр бар

Jonas деп аталатын бұл инновациялық өнім арнайы бағдарлама арқылы смартфонға қосыла алады. Бұл қолшатырдың көмегімен тек ауа райы туралы біліп ғана қоймай, телефонды бөлмеде жатқан жерінен тауып ала аласыз. Тек қолшатырды сілкілесеңіз болды: смартфонның вибрациясы өздігінен іске қосылады. Қолшатыр батареялардың көмегімен жұмыс жасайды, деп хабарлайды 24.kz planet-today.ru.-ға сілтеме жасап.