Жапон ханшайымы Айко қайырымдылық ұйымында жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM - Жапондық император Нарухито мен патшайым Масаконың жалғыз баласы ханшайым Айко сәуір айында университетті бітірген соң Қызыл Крест ұйымында жұмыс істемек, деп хабарлайды Kyodo News.

Японская принцесса Айко будет работать в благотворительной организации
Фото: Kyodo News

22 жастағы ханшайымның айтуынша, ол «әрқашан қызығушылық білдірген» ұйымда жұмыс істеуге ниеттеніп, император отбасы мүшелерінің ресми міндеттерін орындауын жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Жапондық Қызыл Крест жұмысына атсалысатыныма қуаныштымын», - деді ханшайым Айко өз мәлімдемесінде. Ол сондай-ақ жұмысқа «көңілі қатты ауып тұрғанын» қосып өтті.

Император сарайы басқармасының хабарламасына сәйкес, ханшайым келісімшарт бойынша жұмыс істеп, штаб-пәтерге барып тұрады. Оның дәл қандай жұмыс атқаратыны әзірге белгісіз.

Қазан айында ханшайым император Нарухито және патшайым Масакомен бірге жапондық Қызыл Крестке барып, онда ұйымның 1923 жылы елдегі Канто Ұлы жер сілкінісінен кейін көмек көрсетуіне арналған көрмені тамашалады.

Патшайым Айко қазіргі кезде Гакусюин университетіндегі жапон тілі мен әдебиеті кафедрасының төртінші курсында білім алып жатыр.

Соңғы жаңалықтар