Жапондық «Аист-6» ХҒС-қа ұшырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық аэроғарыштық зерттеу агенттігі «Конотори-6» («Аист-6») жүк көлік кемесімен H-2B (F6) зымыран тасығышын сәтті ұшырды, деп хабарлады JAXA сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ұшырылым Танегасим ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. ХҒС-пен түйісу 2016 жылғы 13 желтоқсанға белгіленді. Кеме стансаға 5,9 тонна жүк апарады. Оның ішінде азық-түлік, ауызсу, бірінші кезекте қажетті заттар, жеті шағын серік, ХҒС-қа энергия беретін жапондық GS Yuasa International компаниясының батареясы бар.
Еске салсақ, қазір ХҒС-та үш ресейлік ғарышкер (Рыжиков, Борисенко, Новицкий), екі америкалық астронавт (Кимброу, Уитсон), француз астронавты Песке құрамында екі экипаж жұмыс істеуде. Жапондық «Конотори-6» 2016 жылғы 1 желтоқсанда ресейлік «Прогресс МС-04» жүк кемесін сәтсіз іске қосқаннан кейінгі ХҒС пен экипаж жұмысына қажетті жүктерді жетізетін алғашқы кеме болмақ.