Жапондық актер сахнада самурай семсері тиіп, көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Даиго Кашино есімді актер спекталь дайындығы кезінде самурай семсері тиіп, ауруханада көз жұмды. Бұл туралы The Guardian-ға сілтемемен 24.kz хабарлайды.
None
None

Оқиға 15 ақпан күні Токио театрларының бірінде болған. Полиция оқиғаның мән-жайын зерттеуге кірісті. Дайындықта болғандардың ешқайсы 33 жастағы актердің қалай жараланғанын түсінбей қалған. Театр труппасының мүшелері болған оқиғаны актер қатты айқай салып, еденге құлаған кезде бірақ көрген.

Соңғы жаңалықтар